Қысқаметражды фильмдер байқауының марапаттау рәсімі өтті

0
103

Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының қолдауымен Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қазан айының он үшінде «Қысқаметражды фильмдер байқауының» марапаттау рәсімі өтті. Фильм тақырыбы — «Интернетке тәуелділік», «кибербуллинг», лудомания, «интернет желісінің балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке әсері» тақырыптарына негізделген. Қысқаметражды фильмдер байқауы әлеуметтік желіде 27 шілдеде жарияланып, қыркүйектің 27 күні мәресіне жетті. Алматы қаласы бойынша 20 қатысушы смартфонмен түсірілген фильмдерді ұсынды. Байқауға 14-35 жасаралығындағы жастар мен жасөспірімдер белсене қатысты.

Қысқаметражды фильмдер байқауының марапаттау рәсімі 13 қазан күні Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылды.

Жоба аясында 20 видео қабылданды. Залда 120-дан астам студент жастар көрермен болып отырды. Әділқазылардың шешімімен Ішінен 4 қысқаметражды фильм үздік деп танылды.
Нақтылап айтсақ, Жандос БАҚТЫҒАЛИЕВ -1 орын, Ерғанат БАЛТАБАЙ — 2 орын, Есіл АЙДАРБЕК – 3 орын, Қырғызбай Ақжол – ынталандыру сыйлығын иеленді.