Қыз алып қашқан жігіт қамауға алынды

0
51

Шымкентте қыз алып қашқан жігіт қамауға алынды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткенін мәлімдеді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Нәтижесінде Маңғыстау облысының «Г» есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды»,—делінген хабарламада.
Прокуратура өкілдері мұндай қылмыс үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Фото ашық дереккөзден алынды.