Қыз зорлады деген полицей соттала ма?

0
114

Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап.

«Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр»,- деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Фото ашық дереккөзден алынды.