Қыздарды IT-мамандығына тегін оқытады
![](https://democrat.kz/wp-content/uploads/2024/02/0O7CxhyEha1bapFhZuZo0zJEinEk5QO9n4NIZh5c.jpg_width1200XheightautoXtype1-905x613.webp)
Бағдарлама 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Tech girls бағдарламасының іске қосылғанын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева хабарлады.
Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету, оларды STEM-ге тарту. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, сұхбаттан өту және армандаған жұмысына тұру туралы білім алады, — деді ол.
Tech girls ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, Astana Hub халықаралық технопаркі мен Techno Women қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылмақ.
Tech girls бағдарламасына өтініштер 2024 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін осы сілтеме бойынша қабылданады.
Фото ашық дереккөзден алынды.