”Қыздың қайтып келуі — ұят емес” дейді журналист

0
200

“Қыздың қайтып келуі ұят емес — қылмыскермен қосып жіберуің ұят”. Бұл сөзімді бірден түсіну қиын шығар деп жазады журналист Дина Төлепберген.

Өкінішке қарай “кешірші” деген күйеуіне шабытпен барып, табытпен қайтқан жағдайлар аз емес. Осы оқиғаларға журналистік зерттеу жүргізіп, марқұмның туыстарымен сұқбаттасқанымда, көбі күрсінді, өкінді.
Неге дейсіз бе?

Осыдан төрт жыл бұрын БҚО-да болған сұмдықты зерттеп ем. Екі қызы мен әйелін күйеуі өртеп жіберген. Марқұмның әпкесі маған берген сұқбатында былай деп еді:
“Қайтып келген сіңліме күйеу балам тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деген еді. Оның сөзіне сеніп, сіңлімді қайта қосып жібердім. Балалары үшін бірге өмір сүрсін дедік. Ол шешімім үшін өкінемін. Соңында сіңлімді өлтіріп, екі қызымен бірге баспанасында өртеп жіберді”.

Күйеу баладан қылмыскерге айналған жауыз өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бірақ, сол кезде қорлыққа төзбей, төркініне келген қыздың шешімін қолдап, қайтып қосылуға көндірмегенде, ана мен қыздар тірі болар ма еді?” деп жазады Дина Төлепберген әлеуметтік желі парақшасында.

Фото ашық дереккөзден алынды.