“Қызылжарда Ульянов – бар, Міржақып -жоқ” деген Бурахан Дақанов Президентке ұсыныс айтты

0
124

Қоғам белсендісі, “Тәуекел” қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов Қызылжар қаласындағы көше атауларына қатысты өз ұсынысын білдірді деп жазады Democrat.kz.

“Бір қызық айтайын.. Қызылжар (Петропавл), ҚР тәуелсіздігіне 34 жыл болды.

Біздің қалада Ульянов көшесі бар – Міржақып Дулатұлы көшесі жоқ.

Бізде Герцен көшесі бар – Әлихан Бөкейхан көшесі жоқ.

Бізде Чайковскийдің көшесі бар – Ақан серінің көшесі жоқ.

Бізде, Гоголь көшесі бар – Герольд Бельгер көшесі жоқ.

Чернышевский көшесі бар – Смағұл Сәдуақасовтың көшесі жоқ.

Партизаншылардың көшесі бар — Желтоқсаншылардың көшесі жоқ.

Онымен қоса, Абылай хан, Кенесары, Ахмет Байтұрсынұлы, Сегіз сері, Біржан Салдың көшесі жоқ.

Осы жылы өткен Құрылтайда, Президент, ата бабаларыңның аттарын көшеге қоймаңдар, нейтралды атаулар болсын деді.

Дегенмен, басқа қалалар, біз ұйықтап жатқанда қоятын есімдерінің бәрін қойып үлгерді. Біз үлгермедік.

Осыған байланысты, құрметті Президент — Қызылжар қаласына ерекше бір мүмкіндік берсе екен…” деп жазды Бурахан Дақанов.

Фото интернеттен.