Ләйләнің марқұм күйеуінен қандай мирас қалды, қанша кісіге бөлінді?

0
1689

Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мирасына қатысты айтты деп жазады Democrat.kz.

«Біздің жағдайда ондай болған жоқ. Басқа жағдайда мирас 6 ай ішінде марқұмның жақындарына теңдей бөлінеді. 6 ай ішінде барлық жақындары жиналып, мұраға байланысты мәселелер шешіледі. Біздің жағдайда 5 мұрагер болды. Марқұм күйеуімнің 2 ұлы, 1 қызы мен менің 2 ұлым мен заңды әйелі — мен. Мұрагерлікте қандай дүние болса, автоматты түрде барлығына теңдей бөлінеді. Үлкен бауырлары екі кішкентай бауырларына (Ләйләнің балаларынаред.) «отказной» жазып, солардың еншісіне берді ме? Жоқ, бергісі келмеді. Бермеді. Оларды мен түсінемін. Олар да Қайрекеңнің балалары», — деген Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінен ондай дүние қалмағанын айтты.

Алайда желі қолданушылар «үлкен бизнесмен кісі еді ғой, қалай ештеңе қалмаған?», «тірі кезінде бәріне бөліп берген шығар», «Ләйлә заңды әйелі болғандықтан, дүниенің бәрі соған қалған шығар» деген пікірлерін жазуда.

Фото интернеттен алынды.