Lexus көлігін мінген имам туралы ҚМБД не деді?

0
159

Желіде дін қызметкерінің қымбат жол талғамайтын көліктің жанында тұрған видеосы тарады. Видео авторы автокөліктің иесі имамның өзі екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Мешітке келушілердің садақаға деп берген ақшалары қайда кетіп жатыр? Жетімдерге, мүгедектерге, мұқтаждарға жұмсалмайды. Ол ақшаға Lexus көліктері сатып алынады. Нөмірінің өзі 5 мың доллар тұрады. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де үлесте. Бұл мешіт ішінара соларға тиесілі», – дейді видео авторы.

Видеоның соңында автор көліктің имамға тиесілі екенін айтады. Айтуынша имам мүлікті халықтың осал топтарына берілуі тиіс садақаға жиналған қаржыға сатып алған.

Бұл видеоға жауап берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы видео кейіпкерінің «Ел-Еділ» мешітінің имамы екенін растады. Бірақ видеоға түсірілген көлік оныкі емес. Діни басқарма сондай-ақ көліктің мешітке қайырымдылық жасауға келіп тұратын қала тұрғынының көлігі екенін түсіндірді.

Фото ашық дереккөзден алынды.