«ЛГБТ»-ға қарсымыз»: тағы бір петиция 50.000 қол жинады

0
84

E—petition.kz сайтында «Біз ҚР-да ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» атты петиция 50.000 қол жинады, — деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Осы жылдың 29 мамыр күні жарияланған петиция небәрі толық емес 2 аптада ресми түрде қаралуы үшін қажетті шекке шетті.

Петиция ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне бағытталған, ал өтініш беруші «Қазақстандық ата-аналар одағы» басшысы және қоғам белсендісі Бағила Балтабаева.

«Біздің балаларымызға бір жынысты қатынастар ашық түрде жан жақтан насихатталып жатыр. Кітап дүкендерінен, теледидар экрандарынан, тіпті үлкен экрандарда да жылт етіп шығып жатады біржынысты қарымқатынастардың көріністері және смартфонмен әлеуметтік желі арқылы да көп таралып жытыр. Кейінгі жастар азғындық қарым-қатынастарын ашық түрде таратып және насихаттап жүр. Осылайша, жасырын және байқалмай, жастар арасында жыныстық қатынастардың жаңа стандарттары қалыптасуда. Сонымен қатар дәстүрлі құндылықтар мен салт дәстүрді ұстануды, олар бұрынғы заманның қалдықтары, артта қалудың белгісі деп таниды. Көпшілік бірі сыннан қорқып, бірі білмегеннен үнсіз отыр. Ал батылдықпен сөз қозғап, лгбт үгіт-насихатына қарсы шыққандарды өткен ғасырда қалып қойған ретроградтар мен консерваторлар деп мысқылдауда. Көпшілігіміз үнсіз отырғанда, біздің санасы қатпаған балаларымыз бір жынысты қарымқатынасты (лгбт) қалыпты жағдай деп үйреніп келеді, тіпті тренд қылуда. Бұл үлкен қасірет, отбасылық және жеке басты трагедия десек те болады. Көрші елдерде ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін және оны таратқаны үшін жазалар қарастырылған. Мысалы, Өзбекстанда гомосексуализм және ЛГБТ құқықтары тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамдық пікірталастарда толығымен жабық күйінде қалып отыр. Ресей Федерациясында 2022 жылы «біржынысты қарым қатынастарды насихаттауға», жынысты өзгертуге және педофилияға толық тыйым салу туралы Заң қабылданды, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте, жарнамада, әдебиетте, яғни кітаптарда және кинода ақпарат таратуға тыйым салынады, сонымен қатар жасөспірімдер арасында жынысты өзгертуге итермелейтін ақпараттарға толықтай тыйым салынған. Өскелең ұрпағымызды, балаларды үлкен қателіктерден қорғауға баршаңызды шақырамын! Ересектердің жыныстық қарым қатынастары, өмірі, олардың өздерінің жеке шаруасы, бірақ, солардың ашық түрде бір жынысты қарым қатынасты ашық түрде насихаттауына түбегейлі қарсымын, өйткені соны тыңдап, көріп отыратындардың арасында санасы қатпаған балалар да бар! Сондықтан, мен, Бағила Балтабаева, Қазақстан мемлекетінде лгбт-ның ашық және жасырын түрдегі үгіт-насихаттарына толылқтай заң бойынша тыйым салынуын, және насихаттағандарға заң аясында жазалануын талап етемін! Құрметпен,қоғам белсендісі Балтабаева Бағила», — делінген петицияның сипаттамасында.

Айта кететін жайт, петиция 2.000-нан астам «қарсымын» деген пікірлер жинады.

Фото интернеттен алынды.