“Мәдениетіміз өте төмен”: Желіде концерттен кейінгі қоқыстың видеосы тарады

0
71
“Мәдениетіміз өте төмен”: Желіде концерттен кейінгі қоқыстың видеосы тарады

Алматыда өткен “Gakku dauysy 2022”  музыкалық фестивалінен кейін көше қоқысқа толды. Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі видео таратты.

Айта кетейік, 17 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрге айналған “Gakku dauysy 2022” музыкалық жобасы өткен болатын.

Концерт халыққа лық толы болды. Алайда қоқыстарын кез келген жерге тастап, мәдениетсіздік танытқаны желі қолданушыларының ашуын туғызды.

“Менің қарным ашатыны-біздің мәдениетіміздің өте төмен екендігі. Себебі, қанама қоқыс бар. Неге артымыздан жинап жүрмейміз”, -деді желі қолданушысы.

Сондай-ақ, ол: “Бәрі өзіміздің қолымызда, бәрін өзімізден бастайық!”, деп үндеу тастады.

Дереккөз: Adyrna.kz