Мәйіттерді зорлаған некрофилдер ұсталды

0
160

Мәйітханада өлген адамдардың денесін қорлаған некрофил ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Михаил Козачковтің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Заң бұзушыға қатысты қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша «Қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Оны қалай анықтады? Менің дереккөзімме сәйкес, азғынды әшкерелеуге ломбард қызметкерлерінің бірі көмектескен. Ер адам ломбардқа телефоныны кепілге қоюға келген.

Телефонды бағалаушы кызметкер құрылғының ер адамға тиесілі екеніне көз жеткізу үшін одан галереяны ашуын сұраған. Ол жерде 18+ видеолар болған», – деп жазды журналист.

Полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, изоляторға қамады. Қылмыстық кодекстің 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Болған оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», –  деп мәлімдеді полиция.

Фото ашық дереккөзден алынды.