Мәйітті өртеу мәселесі неге қайта көтеріле бастады?

0
181

Ұлттық экономика министрлігі крематорилердің қызметін реттеп, жұмысын қамтамасыз етуді көздейтін бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы ақпарат порталы.

Құжатта жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау қағидаларына бірнеше өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұйрық жобасына көз жүгіртсек, жерлеу мен зираттарды күтіп ұстаудың үлгілік қағидаларына қосымша бес ұғым енгізілмек.

Бес ұғым бұлар — колумбарий, колумбария мемориалды тақтасы, колумбар тауашасы, күл, жерлеу урнасы. Түсінікті тілмен айтқанда, мәйіттің күлін орналастыру, аты-жөнін жазу, мәйіттің күлін сақтау сынды мәселелер бойынша министрлік өз ұсынысын білдіріпті.

Естеріңізде болса, елімізде болған су тасқынында зираттағы мәйіттер жер бетіне қалқып шыққан еді. Мәйіттің жер бетіне шығуы тірі адам үшін өте қауіпті екені бесенеден белгілі. Десек те, крематорий тақырыбының дәл осы уақытта қайта көтерілуі бекер болмаса керек-ті.

Алдағы уақытта мәйітті жерге көму жолын мәйітті өртеп, күлін сақтаудың тиімділігі бойынша насихат жұмыстары да жүргізіле бастауы бек мүмкін. Егер қисынға салып қарасақ, мәйітті жерлеуден гөрі, өртеудің анағұрлым тиімді жақтары көп. Алайда діни наным-сеніміне берік азаматтардың мәйітті өртеуге өре түрегеліп, қарсы шығары сөзсіз.

Фото ашық дереккөзден алынды.