Мәйітті жерлеу тәртібі өзгереді

0
55

Премьер-Министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы бұйрығымен жерлеудің және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

Түзетулермен Республикалық маңызы бар қаланың, Астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі зираттың бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және жария кадастрлық картада орналастырады.

ҰЭМ түсіндіргендей,  кадастрлық карта жер қатынастары саласындағы өзекті деректерді көрсету үшін онлайн режимінде жалпыға қолжетімді мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әкімдік зираттарды жерлеу, күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Бұл ретте республикалық маңызы бар қаланың, Астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират әкімшілігі арасында зираттарды жерлеуге, күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу конкурс қорытындылары бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылатыны нақтыланды.

Фото ашық дереккөзден алынды.