«Мақпал тұзы жеңіл секілді көрінеді» дейді композитор

0
191

 Белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі «Ашық подкаст» youtube-арнасында Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мақпал Жүнісова тағдырлы әнші.

«Заманбек Нұрқаділовпен араласқан адаммын. Жақсылығын көрдік, араластық, іні болдық, қамқорлығын көрдік. Мақпал Жүнісова әнімді орындайды. Әлі күнге дейін сыйластығымыз бар. Халық үшін Мақпал тұзы жеңіл секілді көрінеді.

Бірақ ол тағдырлы әнші. Мақпал мен Заманбектің қосылуы кезінде де бір дүрбелең болған. Зәкеңнің қайтыс болғанына 20 жыл. Өзіңіз ойлаңызшы, Мақпалдың орнында басқа әйел болса, Зәкеңнің үйін қажет деп санамай сатар еді. Мақпалға біз рахмет айтуымыз керек», — деді ол.

Сондай-ақ, композитор мемлекет сол үйді сатып алып, мұражайға айналдыруы керек екенін атап өтті.

«Мақпал «Зәкең өз-өзін атты» деп үш оқ тиген үйді мұражай секілді алып қалды. Қайта бұл жерде Мақпалдың Зәкеңе деген адалдығы деп білемін, екі үйді қатар ұстап отырды. Сондықтан да мен қай кезде де Мақпал жағындамын.

Негізі ол үйді мемлекет өзіне алу керек. Болашақта мемлекет сол үйді мұражайға айналдырып, сол көшені Зәкеңнің атымен атаса, тіпті керемет. Мақпалдың мықтылығы, Зәкеңнің құжаттары, бұйымдары, киімдері бәрін сақтаған. Дайын мұражай деп айтар едім. Сол үшін мемлекет мұражайды сатып алу керек», — деді ол.

Фото ашық дереккөзден алынды.