МӘМС төлеген мұғалімдер медицинаның рахатын көріп жүр ме?

Мұғаліммін. Ай сайын сақтандыру жарнасын төлеймін. Міндетті жарна, жалақыдан ұстап қалады. Бірақ, өкінішке орай қаралу үшін кредит алдым. Жылайтын жағдай.
Иә, жалақы келгенше немесе сақтандырумен қаралатын дәрігердің кезегі келгенше күтетін шамам жоқ.
Аяғымның ауырғанына 6 ай. Сақтандырумен қаралдым, нәтиже шығара алмадым.
Мәселе мынада.
Сақтандырумен тек қана мемлекеттік ауруханаларда тіркеле аламыз.
Ауылдық аурухана тек қана Қаскелеңге жібереді. Нағыз диктаторлық. Ақшамызды төлеп отырсақ та еркіміз жоқ. Екі апта кезек күтеміз. Содан соң ғана дәрігерге кіре аламыз.
25 қаңтарда түскен МРТ қорытындысы әлі күнге дейін жоқ.
Базада жоқ. Салынбаған. Қаскелең.
Ең болмаса, соны алып барып көрсетейін десем. 2 апта кезек күтіп әрең барғанмын.
Басым мен құлағым ауырғанына 3 күн болды.
Құлақ кезек күттірмейтін ауру. Уақыт өтсе іріңдеп кетуі мүмкін. Алла сақтасын! Екі апта күткім келмеді. Ауыру жаныма батқан соң, ақылыға бардым.
Басты көрсету керек.
Ол да өкінішке орай кезек күттірмейді. Сақтандырумен бару үшін екі апта кезек күту керек. Тағы да ақылыға кетіп барамын.
Askhat Aimagambetov мырза!
Бұл менің ғана мәселем емес. Көптің басында осы жағдай. Денсаулық сақтау министрі алдарыңызға келіп тұрады ғой.
Сақтандыруды алып тастау керек. Болмаса сақтандыру картасын беру керек әр адамға. Қалаған уақытында, қалаған ауруханасын қолдана алуы үшін.
Мынау сұмдық жағдай.
Сақтандыру арқылы тек қана өздері жіберген ауруханаға барамыз. Өзіміз таңдай алмаймыз.
Міндетті түрде екі апта кезек күтеміз.
Айтарға сөз жоқ.
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым! Назарыңызға алсаңыз.
Айман САҒИДУЛЛА, белсенді ұстаз.
Фото көрнекілік үшін.