Маргарита Симонян жан сырын ақтарып еңіреп жылады

0
1933

Әлеуметтік желіде тараған сұхбатында Маргарита Симонян қазіргі жағдайы туралы айтып, студияда көз жасын сорғалатты деп жазады Democrat.kz.

Күйеуі Тигран Кеосаянның жағдайы туралы баяндаған Маргарита: “Әлі комада жатыр. Әр сәтімді оның жанында өткізу үшін дүниені ұмыттым. Мені сұхбаттан тезірек жіберші, мен күйеуімнің қасына баруым керек. Тигранның қасында отырып, сөйлесем, маған саусағын, бармақтарын қимылдатып жауап береді. Біз шексіз бақытты отбасы едік. Мен бұл өмірдегі ең бақытты әйел едім. Бүгінге дейін оның жұмыс кабинетіне кіре алмаймын. Жүрегім қан жылайды. Ешкімге айтпаған сырымды айтайын. Менің сол жақ күретамырым жоқ. Бүкіл барған дәрігерім соңғы 15 жылда мені “өледі” дегенді айтқан. Алайда осы күнге дейін тірі жүргеніме қуанамын. Өйткені дәрігердің де білмейтіні көп. Тигранды да “өледі” дейтіндерге айтарым, құдай ғана оны бізге кері қайтарады” деп күні түні тізерлеп дұға етіп жатқанын айтты.

@smotrimru

“Я была самой счастливой женщиной на земле…” — полный выпуск программы “Жизнь и судьба” с Маргарита Симоньян на нашей медиаплатформе “Смотрим”. #Смотрим #СудьбаЧеловека #МаргаритаСимоньян

♬ оригинальный звук – СМОТРИМ