Меккеге шайтан арбамен кетті

0
148

Түркістандық ағайынды Рысқұлбековтер Меккеге шайтан арбамен кетті деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Türkıstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Жолға шыққан ағайындылар шағын азық-түлік алып, қалың киімдерін ғана алған. Олардың айтуынша қасиетті Меккеге осылай бару туралы түсінде аян берілген. Былтыр да осылай ниет етіп жолға шыққан Рысқұлбековтер Ақтаудан кері қайтыпты. Себебі құжаттары дұрыс болмаған.

Енді бұл жолы құжаттарын реттеп алған олар шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп жоспарлап отыр.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.