Мектеп басшысы Президенттен көмек сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылының мектеп директоры Жанерке Пернешова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады деп жазады Democrat.kz.
Өз үндеуінде Шақпақ ата мектебінің директоры Жанерке Пернешова:
“ҚР Антикор қызметінің төрағасы Асхат Жұмағалиевтің атынан маған хабарласқан кісі маған жұмыс уақытында мектепке ішіп келген інісі Каюпов Мадиярды жұмысқа қайта алуды, “Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қоңырау шалғым келіп тұрған жоқ, одан да, ең тынышы өзара келісейік” деп қоңырау шалды.
Сөз тоны өте жоғары. Осындай қысымға тап болып отырмын. Сіздерден көмек сұраймын”, – дейді.
Айта кетейік, сөз болып отырған мектеп мұғалімі Каюпов Мадияр мектепке ішіп келіп, соның салдарынан мектептен өз еркімен жұмыстан шығарылған.
Фото көрнекілік үшін.
@abdijakiya