Мектеп директоры жоқ адамдарға ақша аударып отырған

0
85

Астанадағы мектептердің бірінде бюджет қаражаты жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық прокуратура мәліметінше, жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.

«Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.

Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді. Үкім заңды күшіне енді.