Мектеп түлегі сыныптасын өлтіріп қойды

0
647

Алматы облысында мектеп түлегінің өз сыныптасын қалай өлтіріп алғаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Todayinfo.

Белгілі болғандай, 11 сынып оқушылары мектеп бітіруін атап өтіп, ата-аналары жалдап берген котеджде бас қосқан.

«Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты», – делінген полиция берген деректе.

Еске салсақ, бұған дейін Қарасай ауданы Долан ауылында 11-сынып оқушысының қаза тапқаны хабарланған.

Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған марқұмның сыныптасын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкілдері баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция өкілдері бұл дерек бойынша облыстық білім басқармасына да тиісті ұсыныс жолданғанын мәлімдеді.