Мектептегі хиджабқа тыйым күшейтілді
Хиджабқа тыйым күшінде қалды. Қазақстандағы жеке мектептер ескертусіз тексеріледі деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Оқу ағарту министріне сілтеме жасап.
Бұл туралы Үкіметте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Журналистер министрге мектептегі хиджаб жайлы тағы сұрақ қойған. Бұл сұрақ министрді шаршатқанын үнінен байқауға болады. Ол тағы да мектептерде арнайы заң, ереже бекітілгенін, оқу ордасы – діни мекеме емес екенін баса айтты.
«Жеке білім беру ұйымдарына келер болсақ, оқушылардың хиджаб киюі жағынан бізге нақты шағым келіп түскен кезде біз Атырау облысындағыдай мектепті жаптық. Мұндай жұмыс жалғасады», — деді Бейсембаев. АҚШ-тың әлем елдеріндегі діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясының баяндамасына түсініктеме бере отырып, Бейсембаев ең бастысы, ел заңының үстемдігі маңызды екенін жеткізді.
«Кәсіпкерлік кодексі бойынша бізде сигналсыз жеке мектептерді тексеретін құзірет болған жоқ, тіпті болған кезде де прокуратураның рұқсатымен тексерілетін. Қазір бұл бағытта үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Енді біз барлық білім беру ұйымдарының заңдылықтың орындалуын тексерумен сәйкестендіру үшін кез келген білім беру ұйымдарына ескертусіз кіруге мүмкіндік аламыз», – дейді министр.
Фото интернеттен алынды.