Мектепті алтын сату орнына айналдырған директорға жаза жоқ па?

Әлеуметтік желідегі байланыс нөмірімізге хабарласқан Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы мектебінің ата-аналары мектептерінде болып жатқан сорақы жайтты хабарлады деп жазады Democrat.kz.
“Бұл мектепті хан базары дерсің. Осы уақытқа дейін мектеп директорымен жақсы дос мұғалімдердің сабақтарын тастап қойып, сауда саттықпен айналысатынын естіп те көріп те жүрміз” деген Құлан ауылының тұрғыны аты-жөнін көрсетпеуді сұрады.
“Бірақ басшысы қолға алар деп ойлағанбыз, Сөйтсек директордың өзі де жеңілдікпен зат алу үшін, балалардың тәрбиесін де, білімін де, басқасын да құрбан етуге жақын шопоголик екен.
Әрине қандай өрескел кемшіліктер кетіп жатса да, білім бөлімінен бастап, аудан әкімі, облыстық білім басқармасы, тіпті прокоратураға дейін жылы жабады.
“ Жоғарыда қолдаушы” күштері болған соң ештеңге жауапкершілікпен қарамай, шопингпен айналыспағанда не істейді?
Алтын бұйымдарды да 20 % жеңілдікпен алған. Сонда мектеп – директордың жекеменшігі болғаны гой. Арендаға беріп табыс табатын.
Қит етсе “бұл директорға жасалған тұзақ” деп шығатын , қолдаушыларымен тығыз байланыс орнатып алып, білім берудің орнына дос жарандарымен “ сыйластық” қарым- қатнасын орнату үшін жүрген директорға шара қолданбаса да таңқалмаймыз.
Бұл қазіргі таңдағы мектеп жасындағы балаларға жасалып жатқан түрлі зорлық зомбылықтың бастауы ма дерсің, амалсыз. Олай демей ше.
Балалардың білімі мен тәрбиесіне тікелей жауапты адамдар, басты тұлғалар осылай қараған соң. Ол балалардан қандай болашақ күтеміз?
Басқа да түрлі дәлелді видеолар жетерлік қолымызда. Әйтсе де, балықты басынан шірітпей, қолға алар деп үміттенеміз.
Олай болмаған жағдайда ол видеоларды да жарыққа шығарамыз. Өткен жолы мектепте қаражат жиналғаны туралы фактісі анықталғанына қарамастан жылы жапты.
Әлі де астыртын түрлі сылтаумен қаражат жиналатынын естіп отырмыз. Мынау, Жамбыл облысы. Тұрар Рысқұлов ауданы. Құлан мектеп- гимназия мектеп ішінен ашылған сауда орталығы. 2 сәуір күні 2025 жылы мектеп директоры мектепте сауда саттық орынына айналдырған” деген ауыл тұрғындары қолда бар бірнеше фото-видео дәйектерін бізге жолдады.
Аталмыш мектеп директоры Шонатаева Шакизат Байдановна ата-аналардың мына шағымына қатысты не айтар екен? “Тұзақ құрды, сотқа берем” деп байбалам салмас бұрын дәлел ретінде ұсынылған фотоларға жіті назар салса деген өтінішіміз де бар. Ал егер бұларды “аз” десе, анық түсірілген видеоларды көрсетуге де әзірміз.
Сонымен қатар, осы мәселе бойынша құзырлы орган өкілдері тексеріс жүргізіп, анық-қанығын анықтайды деген үміттеміз.
Фото – видео Құлан ауылы тұрғындарының жеке мұрағатынан.