Мектептің іші-сыртын оқушылар тазалайды

0
1151

Жапонияның білім беру жүйесі қандай ?! Жапония – экономикалық жағынан әлемдегі үздік үштікке кіретін мемлекет.

Оның тұрақты саясаты мен экономикасына үлес қосып отырған білім беру жүйесі. Себебі жапондар балаларын бала күнінен ізгілікке, білімге және ғылымға, өнерге тәрбиелейді.

Алдымен қарым-қатынас

Жапон балалары мектепте 4-сыныпқа дейін ешқандай академиялық білім жағынан емтихан тапсырмайды. Ұстаздардың айтуынша, олар ол жауапкершілікке дайын болмайды.

Оның орнына балалар айналасымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, сыйластықты, адамның мінез-құлқын тануды игереді. Осы игерген ілімдерін эссе ретінде қағазға түсіріп емтихан үлгісіндегі өзіндік жұмыс жазып тапсырады.

Жапонияда 1 қыркүйек білім күні емес

Әлемдегі бірнеше елдер оқуын аяқтап жатқан кезде жапон балалары сөмкелерін көтеріп мектепке барады. 1 сәуір – Білім күні. Негізгі себеп сәуірде гүлдейтін сакура гүліне байланысты. Жапондар үшін сакураның өте маңызды әрі қасиетті өсімдік ретінде саналады.

Балалар жылына 3 рет білім алады: 1 сәуірден 20 маусымға дейін, 1 қыркүйектен 26 желтоқсанға, 7 қаңтардан 25 наурызға дейін. Сонда олар жылына жазғы демалысқа 6 апта ғана шығады.

Жапон мектептерінде еден жуушы болмайды

Балалар сабақтан кейін міндетті түрде мектепте қалып сыныптың ішін, мектеп ауласын және мектеп ішін жинап, сыпырып, тазалап кетеді.

Мектепте бірде-бір еден жуушы апай жұмыс жасамайды. Бұл ең бірінші жапондардың тәрбиесі деп түсінуге болады.

Бәріне ортақ түскі ас беріледі

Жапон балалары түскі асты қалдырмайды. Олар ұстаздарымен бірге сыныпта отырып түскі ас ішеді, әңгімелеседі.

Ең кереметі түскі асты тек аспаздар ғана дайындамайды, ол жерде міндетті түрде бір медицина қызметкері жүреді. Ол балалардың денсаулығына зиян келтірмейтін тағамдарды, олардың қабілетін арттыратын астарды беруге тырысады.

Қосымша сабақ алу маңызды

Жапон балалары кешкі сағат тоғыздан кейін міндетті түрде қосымша сабаққа барады. Бұл қалыпты жағдай. Осының арқасында елде екілік бағамен оқитын оқушылардың саны өте аз, тіпті жоқ деуге де болады.

Жапон балаларының сабаққа қатысу үлгерімдері – 99,99%

Бағлан ЕСКЕРМЕС,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.