Мектептің төбесі опырылып түсті

0
105

Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағы сабақ кезінде опырылып түскен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады білім бөлімі.

Олар сылақ опырылған жерде сол күні жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді.

Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған.

Фото ашық дереккөзден алынды.