Мемқызметкердің жалақысы мен сыйақысы туралы Қ.Тоқаев не айтты?
Мемлекеттік қызметкерлерге шектен тыс сыйақы мен жоғары жалақы тағайындауға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
“Әрине жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын. Мәселе – өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз. Олардың баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керек. Бұл бойынша Сингапур және басқа да елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру қажет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото ашық дереккөзден алынды.