Мемлекет басшысы Фридрих Мерцті канцлер болуымен құттықтады

0
530

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.

«Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады», – деп жазылған хабарламада.