Мемлекет басшысының жолдауы әлемдік саяси белсенділер тарапынан қолдау табуда

0
21

Қасым-Жомарт Тоқаев неғұрлым тең және заманауи Қазақстанды құруға бағытталған экономикалық реформалар сериясын жариялады. Әңгіме ең алдымен білім беру және денсаулық сақтау сияқты негізгі салалардағы әлеуметтік мемлекеттің рөлін күшейту туралы болып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті өңдеуші секторда нақты нәтижелерге жылдам қол жеткізуге бағытталған бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Қазақстан күткендей 2029 жылға дейін жылына 6-7 пайыз тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізсе, мемлекет даму көрсеткіші бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында болады. Бұл шетелдік компанияларды салықтық ынталандыру және құқықтарды қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа инфрақұрылымдарды пайдалану арқылы шетелдік инвестицияларды көбірек тарту қажеттілігін білдіреді.

Осы себепті Қазақстан Еуразияның транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын және Ресеймен, Қытаймен және Азия елдерімен тату көршілік қарым-қатынасын белсендірек пайдалануы керек.

Ауыл шаруашылығы және жасыл экономика сияқты стратегиялық салаларда да солай болуы керек.

Қорытындылай келе, Қ.Тоқаев ұсынған жоспар оның билігінің жаңашыл бағытын растап, екі жаңа министрліктің (көлік және су ресурстары) құрылуы мемлекеттің экономикалық бағыттың көшбасшысы ретіндегі рөлін жандандыратынын атап өткен жөн.

Стефано ВЕРНОЛЬ, (Италия)
Жерорта теңізі-Еуразиялық зерттеулер орталығының вице-президенті