«Мен — «брат» емеспін, мен — «сестрамын» дейді Амилай

0
50

Қазақстандық танымал трансгендер Амилайға әскерге шақыртылғаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Трансгендердің айтуынша, әскери комиссариаттан телефон арқылы қоңырау шалып, артынан SMS-хабарлама келген.

«Маған хабарласып, «Брат, қай жылғысың деп сұрайды. Мен брат емес, сестрамын деп жауап бердім». Содан трансгендер Амилаймын деп түсіндірдім. Маған паспортымды алып, дүйсенбі күні келуімді айтты», — дейді ол.

Ал трансгендердің өзі әскерге шақырылғаны туралы ойын айтты.

«Қой, армияға баруға дайындалайын. Шашымды қайтадан ұзартып жасатайын. Кірпігімді жасатайын. Әдемі болып бармаймын ба», — дейді трансгендер.

Оның әскерге шақырылғанына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Офицерлердің әйелдеріне қиын болды», «Енді әскерге трансгендерлер де шақырылып жатыр, ал сен әлі жүрсің деп айтатын болды ғой», — деп жазды желі қолданушылары.