Мешітте жұлысты: Бұлардың басы ешқашан бірікпейді (ВИДЕО)

О, мешітте жұлысып жатыр. Бұлардың басы ешқашан бірікпейді, өйткені исламды төрт мектепке — 73 ағымға бөліп алған.
Бірі Аллах аспанда десе, екіншісі оның мекені жоқ дейді.
Біреуі бейнесі бар десе, екіншісі қоэ) дейді.
Біреуі балтырын көреміз десе, біреуі қолы да бар дейді.
Біреуі намазда қолды кеудеге қойса, біреу қарнынан төмен ұстайды.
Біреуі иық тірестірсе, екіншісі талтайып тұрады.
Біреу әминьді іштен айтса, екіншісі дауыстап айтады.
Дінге осындай жаңалықтар кіргізгені үшін Аль Бухари
Әбу Ханифаны кяфир десе, Ибн Синаның ғылыммен айналысқаны үшін
Ибн Салях «ол —адам бейнесіндегі шайтан» дегенғой.
Имам Ибн Касир мен аз-Захаби имам Ғазалидің ибн Синаны «өлімнен кейін өмір жоқ» және «жаратылыстың бас аяғы болады», «Аллах мән жәйдің бүге шегесіне дейін білмейді» деген сөздері үшін оны кяфир дегенін жеткізген.
Ибн Теймия мен әль Ғазали Әль Фарабиді кәпір деп атаған.
Айналып келгенде бәрі бос сөз.
«Сенікі дұрыс, оныкі қате, анау вапще қуды» деп баға беретін Аллаһ жоққой, несін тартысады дейм де.
Баяғы аталарымызша «Бір жаратушының барына сенеміз, бәріне бәрінен амандық сұраймыз» десе, болды емес пе?
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Фото көрнекілік үшін.
@kittaker устроили разборки на ЖУМАНАМАЗ 9 МАЯ АСТАНА