Мэттью МакКонахидің жаңа фильмі күтілуде

Атақты актер Мэттью МакКонахи қатысқан жаңа фильмнің тизері желіде жарық көрді, деп мәлімдейді Democrat.kz порталы.
Жаңа фильм не жайында?
Бейнежазба Apple TV-дің ресми YouTube арнасында жарияланды. Қазірдің өзінде оны 300 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген. Фильмнің атауы — «Потерянный автобус» («Жоғалған автобус»), режиссері — Пол Гринграсс («Борнның үстемдігі», «Борнның ультиматумы»). Туынды Лиззи Джонсонның «Рай: борьба одного города за выживание в американском лесном пожаре» атты кітабы негізінде түсірілген. Бұл кітап 2018 жылдың қарашасында Калифорнияда болған жойқын орман өртінен тірі қалуға тырысқан қаланың оқиғасын баяндайды.
Фильмде басты рөлдерді Мэттью МакКонахи мен Америка Феррера сомдайды. Сюжет мектеп автобус жүргізушісі (МакКонахи) мен мұғалім (Феррера) туралы: олар алапат өрттен 22 баланы құтқаруға тырысады.
Фильмнің премьерасы
Фильм 2025 жылдың күзіне қарай Apple TV платформасында жарық көреді. Қазірдің өзінде желі қолданушылары Мэттью МакКонахи түскен жаңа жобаны қызу талқылап жатыр. Көпшілігі бұл картинаны кинотеатрдан көргісі келетінін айтуда.
Желі қолданушылары не дейді?
– «Бірнеше апта бұрын ғана Мэттью МакКонахиді көрмегелі көп болды деп едім, міне, жаңа ролик шықты. Көруге асығудамын!»,
– «Осындай трейлерлерді жақсы көремін: қызықтырады, бірақ фильмнің бүкіл мазмұнын ашып қоймайды»,
– «Мэттью МакКонахи, сізді қайта көргенімізге қуаныштымыз!» – деп жазды пікір білдірушілер.
Мэттью МакКонахи кім?
Мэттью МакКонахи — «Оскар» жүлдесінің иегері, америкалық актер. 2000-жылдары романтикалық комедиялар арқылы танылған ол кейінірек драмалық рөлдерге көшті. Оның мансабындағы үлкен серпіліс «Даллас клубы» фильмімен байланысты. Сонымен қатар «Нағыз детектив» сериалы, «Интерстеллар», «Адвокат үшін Линкольн», «Джентльмендер» сынды фильмдерімен де танымал. Актер биыл қарашада 56 жасқа толады.
Америка Феррера кім?
Америка Феррера – америкалық актриса. Ол «Ұсқынсыз Бетти» сериалындағы басты рөлімен танылып, бұл рөл үшін «Эмми», «Алтын глобус» және Актерлер гильдиясының жүлделерін жеңіп алды. 2023 жылы «Барби» фильмінде де маңызды рөл сомдап, сыншылардың жоғары бағасын алды. Биыл сәуірде актриса 41 жасқа толды.