Миллиондардың көзіне жас үйірді (ВИДЕО)

0
331

Әлеуметтік желіде тарап жатқан төмендегі видео миллиондаған кісінің көзіне жас үйіріп, жүректің түкпірінде жатқан бауырластық сезіміне қозғау салды, деп жазады Democrat.kz.

Қазақстанның бірнеше аймағын су басып, халқы шарасыз халге түскен шақта “жәрдем сұрамаса да, көмек береміз” деген Қырғыз мемлекеті ештеңені күтпей, 300 тоннаға жақын гуманитарлық көмегін жөнелтті. Әлеуметтік желіде Қырғыздан Қазаққа бет алған жүк көліктерінің керуенінің видеосын тамашалаған жұртшылық жүрекжарды тілектерін жаудыруда. “Мына видеоны қарап отырып, жыламаған адам бар ма?” деген сауалға миллиондаған кісі “еріксіз көзге жас үйірді” деп жауап жазуда. Бұл шын бауырдың алғыс көз жасы. Бұл разылықтан шыққан көз жасы. Бауырдың керегі де қуаныш пен қайғыда екенін осы бір видео тағы бір еске салып өтті.

@akjigit_musaev_kg

#Кыргызстан #Казахстан #🇰🇿 #🇰🇬 #уже #пути

♬ оригинальный звук — Saryshka312