«Министр мұғалімдерді жұмыстан шығарып, орнына робот сатып алсын!» дейді белсенді ұстаз
Ермұрат Бапи ағамның үйіне қонаққа бардым. Жеңгем дастархан жайып, шай берді. Ермурат Бапи ағам бір үлкен сөмке әкелді. Ішінде қазына барын айтты. Алмадым.
-Алмасаң болмайды ал, -деді.
Әлгі сөмкені алдым.
Оянып кеттім.
Түсті жақсылыққа жорыдым.
Қаншама мұғалімдер Ермұрат депутаттан үміттеніп отырмыз.
Маған берген қазына толған сөмке мұғалімдердің жеңісі болар. Мына жобаны алып тастаса, біздің жеңіске жеткеніміз ғой.
Ермұрат ағам басқалардың емес, біздің шындығымызға сенер, достықтың ,сенімділіктің белгісі ғой жайылған дастархан.
Әріптестер!
Мен осындай түс көрдім.
Ермұрат аға! Оқу бағдарламасы жаңаруы керек. 2017 жылдан бері өзгерген жоқ.
5 жыл сайын өзгеруге тиіс кітап, әлі өзгермеді.
Оқу бағдарламасының сапасы өте төмен. Қазақ тілі оқулығында грамматика жоқ. Оны талай рет айттым. Телеарнаға да шығып айттым. 2018 жылы.
Оқу бағдарламасы өзгермей білім сапасы өзгермейді.
Соны түсінбеген министрлік, күн сайын тест тапсырып, күн сайын оқытуда.
Ермұрат аға!
Бұл онлайн оқу мен тест мұғалімнің балаға сабақ беретін уақытын немесе ертеңгі сабаққа дайындалатын уақытын ұрлауда. Мектепте қыруар қағаз жазылады. Ол тағы бар..
Біз бірінші орында бала оқытуымыз керек.
Біздің жұмыс істеуімізге мүмкіндік берсін!
Әріптестер! Айтпақшы , хатты доп сияқты бір-біріне лақтырып жатыр.
ШҚО әкіміне жіберіпті. Бұл енді ұят болды. Біз ШҚО әкіміне жазбадық хатты.
Жұлдыз Сүлейменова ханым! Сізге Алла күш қуат берсін! Халықтың тағы бір үміті сізде. Біз қолдаймыз сізді.
Асхат Аймағамбетов мырза!
Сізге өкпем қара қазандай.
Неге үнсіз отырсыз? Ештеңе болмаған сияқты.
Менің Гани Бейсембаев пен жеке бас араздығым жоқ.
Олай түсінбеңіздер.
Мына жоба пайдасы жоқ жоба. Заңсыз екені тағы бар. Мұғалім сабақ өтетін уақытында онлайн тест шешіп отыр.
Кейбірі сабаққа дайындалатын, ұйықтайтын ,демалатын уақытында онлайн тест шешіп отыр.
Осыған назар аударыңыздар.
Біз үшін басты орында бала .
Мұғалімнің демалысы дұрыс болып, қуанып келуі керек мектепке. Сонда ғана бала сапалы білім ала алады. Асхат мырза! Сіз ондай емес едіңіз ғой. Не болған сізге?
Депутат мырзалар!
Біз кәдімгі жасушадан жаратылған адамбыз. Бізге демалатын уақыт керек.
Болмаса министр Ғани Бейсембаев бәрімізді жұмыстан шығарып, робот сатып алсын. Жалақы төлемейді, ұйықтатпай, демалыссыз жұмыс істетеді.
Айман САҒИДУЛЛА, белсенді ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.