Мобильді ақша аударымдар туралы министр не деді?

0
34

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мобильді аударымдардан бас тарту мен жаппай қолма-қол ақшаға көшу үрдісі туралы пікір білдірді деп жазады ҚазАқпарат

Бұл уақытша тренд. Жай ғана кәсіпкерлер тарапынан жағдайды толық түсінбеуден туған дүрлігу. Біз ашық жұмыс істегіміз келеді, мұнда кәсіпкерлердің өз елі үшін жасау керек деген ой-санасы маңызды. Заңсыз жұмыс істеуге болмайды. Қазақстан — әлемдегі қаржылық технологиялар мен мобильді аударымдар тұрғысында ең цифрландырылған ел. Бізге АҚШ-тан, Еуропадан келген шетелдіктер цифрландыру деңгейін көріп, таңғалады. Сондықтан біз сол үрдісте қаламыз деп ойлаймын. Қазір бәрі бой үйретіп жатыр», — деп түсіндірді Әлібек Қуантыров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қуантыров шағым болған жағдайда Қаржы министрлігіне жүгінуге болатынын еске салды. Дегенмен, Ұлттық экономика министрі жағдай түзетіліп келеді деп есептейді.

«Мен электронды гаджеттерді белсенді қолданамын. Бұл өте ыңғайлы. Ал экономика үшін айрықша проблемалар туындайды деп ойламаймын. Барлық адам қолма-қол ақша болса да, тауар сатып алады. Жай ғана банктер банкоматтарға көбірек қолма-қол ақша жүктеуі керек», — деп толықтырды министр.