«Мобильдік қосымшадағы «МЕШІТКЕ САДАҚА» төлемін шұғыл тез арада алып тастауды талап етемін!»

0
409

Интернет тарифымды төлеу үшін Kaspi.kz банкісінің мобильді қосымшасына кірсем, төлемдердің (платежи) ең алғашқысы ретінде »
«МЕШІТКЕ САДАҚА» дегенді көріп жағамды ұстадым.

Kaspi.kz неліктен сіздер бұл қосымшаны
«таңдаулы» деп қойғансыздар???

Бұндай шешімді не нәрсеге сүйеніп шығардыңыздар???

Мысалы мен өз басым ешуақытта мешіт пен имам-молдаларға ақша бермеймін және басқа қазақтарды да соған үндеймін.

Ал егер қайырымдылық жасасам оны
мен ешқандай ҚМДБ секілді діни-қоғамдық ұйымның шотына емес, тікелей мұқтаж жандарға беремін!

Анығында Kaspi.kz сіздер мүфтият сияқты белгілі бір діни ұйымның шотына ақша аудару арқылы ҚМДБ-ға лобби һәм қолдау жасап, яғни араб-парсы идеологиясына еш қатысы жоқ азаматтарға бұл қосымшаны әдейі тықпалап отырсыздар.

Себебі мен сұраған адамдардың бәрінде солай шығып тұр.

Сондықтан да мобильдік қосымшадағы «МЕШІТКЕ САДАҚА» төлемін шұғыл тез арада алып тастауды талап етемін!

Шынтуайтында біз Қазақ елі осылай кете берсек зайырлылықтан айырылып теократиялық Иран мен Саудия боламыз. Жаман әдет тез жұғады.
Қазір таңып-тықпалап жатыр, ертең мәжбүрлеуі мүмкін.
Қайырымдылық ету әр адамның тек өз еркімен ғана болу керек.
Міндетті төлемдер үшін мемлекеттік салық бар!

Turar KUSSAIN Facebook парақшасынан