Мұғалім есірткі тасумен айналысқан

0
160

Ақмола облысының полицейлері есірткіні жасырын қойып кетушіні синтетиканың аса ірі партиясымен ұстады, – деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталған әйел 10 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Бірақ бірнеше жыл бұрын жұмыстан шығып, есірткі қолдана бастаған.

Есірткіні жасырын салушыны полиция қызметкерлері Степногорск қаласында ұстады. Жеке тінту барысында жедел қызметкерлер тыйым салынған заты бар 14 байламды тәркіледі.

37 жастағы әйел полицейлерге «жұмыс күні» кезінде есірткіні жасырын салған орындарды көрсеткен. Көрсетілген мекенжайлар бойынша қызметкерлер тағы екі үлкен бомба деп аталатын және 4 доза бойынша оралған орам тапты.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары аясында полицейлер жалға алынған пәтерді тексерді. Мұнда жедел уәкілдер тыйым салынған заты бар тағы 105 орамды, сондай-ақ, есірткіні доза бойынша өлшеп-орауға арналған құрылғыларды тапты.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат салмағы 62,5 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталды, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Ұсталған адамның айтуынша, ол 2023 жылдың соңында Telegram қосымшасынан жұмыс тапқан. Жеңіл табыс туралы уәде әйелді қызықтырып, ол келіскен.

Кураторының нұсқауы бойынша ол Степногорск қаласына есірткіні жасырын қойып кету үшін келген, бірақ ол полицияға ұсталды. Қазір есірткіні өткізу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.