Мұғалім қағаз құжатпен шапқыласа, оқушысы қараусыз қалады
Әлеуметтік желіде мұғалімдердің қазіргі қарбаласқа толы күнін керемет сипаттаған Әсемгүл Әлдибекова атты ұстаз қағаз құжат түрін азайту керегін айтады деп жазады Democrat.kz.
«Мұғалімдер — мақала жариялап , кітап шығарып , конференция, семинарға қатысып, өз қара басының қамы үшін тестке бас қатырып жүргенде, баланың білімі мен тәрбиесі бір шетте қалады.
Тест тапсыру мен портфолио жинауды жеңілдету керек. Мұғалімдерге жеңіл басқа бағдарлама жасау керек.
Аттестациядан өткенге басқа форматта жоба жасау керек. Оқушылардың жетістіктері керек , » мыңнан бірі, жүзден жүйрік» орын алады республикалық. Ал қалғаны қалай болмақ ?
Ауданға бір мектептен бір оқушы шығады, бір номинация бойынша. Егер әр мектептен үш оқушы десе болады, аудандық пен қалалық .
Республикалық бір номинация бойынша үш оқушы тағайындаса . Не жетістікті, не кітап шығаруды, не мақала жазуды, не конференция мен семинарды қалдырып, қалғанын алып тастаған дұрыс.
Мұғалімдер — білім береді , оқушылар- білім алушы. Қағаз жинап жүргеннен білімге жұмсаған уақыт тиімді», — деп жазады Әсемгүл Әлдибекова.
Мұғалімнің осы бір шағын жазбасын жүздеген әріптесі қолдап, «өте дұрыс!» деген пікірін жазуда.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.