“Мұғалім мәртебесі заңы” басқа педагогтарға емес, тек НЗМ үшін жазылған ба?

0
1092

Қоғам белсендісі Мейрамбек Пазылбеков білім саласында болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

“Төрт күн бұрын Қаскелеңде бір оқушы екіншісін жүрегіне шампур сұғып өлтіріп қойғанын білесіздер.

Бәрі арақтың кесірі.

Салдарынан сол мектептің директоры жұмыстан қуылып, завучы мен сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды.

Оқиға қала сыртындағы коттеджде сабақтан тыс уақытта болған.

НЗМ қатысты неше күн болды мыңдаған адам “Мұғалім мәртебесі” заңын алға тартып жатыр. Жақсы, дұрыс дейік.

Ал мынау жағдайда қайғылы оқиға орын алып қызға араша түскен, ішімдік ішпеген бала өлім құшты.

Оған мектеп басшысы мен ұстаздардың не кінәсі бар???

Олар өз міндетін адал атқарып алдын ала ата-аналар ватсап чаттарына ескертулер таратқан.

Сонда аталған педагогтерге “Мұғалім мәртебесі” Заңы жүрмей ме? Олардың құқығы қорғалмай ма?

Әлде Заң тек НЗМ үшін ғана жазылған ба?

Неге министр, вице-министр бұл жағдайға қатысты әділ шешім шығармайды?

Бір уақытта болған жағдайда қарама қайшы шешім қабылдануда. Екеуінің де түпкі негізінде балалардың тәртіпсіздікке баруында!

“Двойные стандарты” деген пәле осындайда айтылса керек?деп жазды Мейрамбек Пазылбеков.

Фото көрнекілік үшін.