Мұғалім шыршадан құлап жан сақтау бөлімінде жатыр

0
1328

Семейде шырша үстінен мұғалім құлады деген хабар тарады деп жазады Democrat.kz.

Бұл ақпарат туралы журналист Оңғар Қабден өз парақшасында «Семейде орталық алаңдағы шыршаны құру кезінде мұғалім 4-5 метрден құлапты» деп жазды.

Осы оқиға туралы сұрастырып білгенімізде, құлаған мұғалім елге танымал ақын, қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстазы Айтқали Қуат екенін анықтадық.

Мұғалім Айтқали Қуаттың қазіргі жағдайы ауыр көрінеді.

Енді сұрақ: Семейдің орталық алаңындағы шырша құру жұмысында  мұғалім не істеп жүр? Мұғалімді өзіне қатысы жоқ бұл жұмысқа кім жіберді?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.