Мұғалімдер енді «Вассерман фантазиясымен» шапқылайды

0
1037

Оқу ағарту министрінің БИС жобасына қатысты белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев өзінің пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

«БИС деген бір жоба шықты деп жатыр. Авторы Вассерман деген кісі екен. Мен білетін Вассерман болса оны білемін. Екі жыл бұрын Аймағанбетовпен кездесуде танысқанбыз.

Таныса салып шекісіп қалдық. Айтқан ұсынысы да енді керемет. Қысқасы былай. Егер менің класымда бір жүгірмек бір параграфты түсінбей қалса мен бір орталыққа звондауым керек екен. Доқтырдың жедел жәрдемі сияқты.

Осылай да осылай,Трамп деген шәкіртім тас дәуірінің кезеңдерін ажырата алмайды.(мысал жәй)

Екі сабақ болды, үшінші күнге кетті, ноль.

Ауруы онан сайын дендеп барады. Мұнан артық төзуге болмайды. Төзе алмаймыз,тезірек көмектесіңіздер. Ұйқы жоқ, тамақ батпайды. Срочно!!!

Орталықта отырған диспетчер қыз адресімізді жазып алып , мұғалімдерден (тарихшылардан ) тұратын бос бригаданы адрес бойынша жібереді. Олар сиренамен , жарықтарын жарқыратып мектебімізге жетіп келеді. Ию-ию деп.

Әлгі Трампты көрсетеміз. Әры қарай солардың ісі. Не істейтінін білмеймін ,45 минутта әлгі көксоққан тас дәуірі туралы сайрап тұрады. Керемет емес пе?

Кәдімгі скорый помощь сияқты. Содан қайтады. Кетер кезде директорға менің сол күнгі жалақымды сол бригадаға аудару керектігін ескертеді.

Сол кезде айтқанмын оған. Фантазияңызды бір жерге алысырақ қойыңыз деп. Асекең біртүрлі қараған маған. Риза болғанын сезіп қойдым. Сол жердегі біраз адам маған шапалақ та ұрды. Егер сол профессор болса оның тағы бір сондай фантазиясы шығар.

Демек, тыңдайтын құлақ тапқан. Көрейік не екенін. БИС ті білмеймін. Бірақ Вассерманды білемін»,- деп жазды белсенді ұстаз өзінің әлеуметтік парақшасында.

Фотода Федор Вассерман.