Мұғалімдерді жағажайға кезекшілікке шығаруда

Қостанайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту министрліктерінің ескертулеріне қарамастан мұғалімдер жағажайға кезекшілікке шығарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соған қарамастан мұғалімдер кезекшілікке шығып жатыр. Физика пәнінің оқытушысы Еран Өскенбаевтың айтуынша, ол өткен жазда да жағажайды күзеткен.
“Мұғалімдердің демалысы 56 күн. Бұл кезде мен демалыста болмас едім. Өйткені балалар емтихан тапсырады. Ал емтихан жоқ кезде жағажайға шығып, кезекшілік ете аламын. Бұл үшін бізге демалыс беріледі. Яғни басқа күні жұмысқа келмеуіме болады”, – деді мұғалім.
Оның айтуынша, кезекші педагогтар бірнеше сағат сайын ауысады. Мұғалімдер жағажайда сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін үш ауысымда болады. Әкімі Марат Жүндібаев мұндай жағдайда педагог мәртебесі туралы заң бұзылмайтынына сенімді.
“Қарапайым себептен заң бұзылмайды. Әрбір мұғалім немесе білім беру қызметкері қосымша жалақы алуға құқылы. Яғни, жазғы, мектеп жанындағы лагерьлерде, сол сияқты мониторингтік топта жұмыс істей алады. Бұл жұмыста оның суда жүзіп құтқаруы талап етілмейді. Тек жағалауды бақыласа болғаны”, – деп атап өтті қала басшысы.
Судағы рейдтерді құтқарушылар да жүргізеді. Алайда әкімнің айтуынша, олар бүкіл аумақты бақылай алмайды.