Мұғалімдердің “қара тізімі” жариялана ма?

0
193

Кеше Астанада өткен жиында Білім және оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыстан шығарылған мұғалімдерге қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы “Голос народа” әлеуметтік желі парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен жиын өзге тілде өткеніне қарамастан, министрге қойылған сұрақтар өткір болыпты. Бір сұрақ Ғани Бейсембаевтың білім деңгейіне қатысты болса, ендігі бір сұрақ жұмыстан шығарылған мұғалім туралы болған. Министрдің атына “Оқушыға, балаға қол көтерген мұғалім, тәрбиешілер туралы ақпарат аз емес. Сондай мұғалім, тәрбиешілерге әрі кетсе, ескерту беріп немесе жұзмыстан 3 жылға шеттету сынды жаза қолданылады. Бәлкім, балаға кұш қолданған тәрбиеші, мұғалім туралы арнайы “қара тізім” жариялау керек болар, сіз бұған қалай қарайсыз?” деген сауал түсті.

Бұл сұраққа министр Ғани Бейсембаев: “Заңға сәйкес, ондай мұғалімдерге қайтадан жұмысын жалғастыруға тыйым салынбаған. Десек те, сіздің айтқаныңызбен мен келісемін. Қазіргі кезде осы мәселені анықтап-тексеруге тапсырма берілді. Қандай да бір өзгеріс болатын болса, барлығы заң аясында жасалады. Біз бұл мәселені қарастырып, анықтаймыз. Ал “қара тізім” жеткілікті деңгейде пайда береді деп айта алмаймын және заң бойынша “қара тізімдегі” адамға жұмысқа қайта тұруға тыйым сала алмайды”,- деді.

Фото ашық дереккөзден алынды.