«Мұғалімдерге жанымыз ашиды» дейді ата-аналар

0
2459

Әлеуметтік желіде тараған видеода ата-ана қазіргі мұғалімдерге жаны ашитынын жеткізді деп жазады Democrat.kz.

«Қазіргі білім саласында тренд болып жатқан «Біртұтас тәрбие» деген нәрсе, кімге не үшін керек? Жақында мектепке жиналысқа бардым.

Қарап отырып мұғалімдерге жаным ашыды. Әлгі жиында мұғалім «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы үшін арнайы слайд жасап, түрлі көрнекі құралдармен тренинг өткізуі керек екен.

Соны дайындауға, өткізуге қанша уақыт, энергия кетті. Сондай бағдарламаның не керегі бар?

Бұрын сынып жетекшісі жиналысқа шақырса, оқушыларға қатысты мәселелерді сөз етіп, маңызды дүниелерді айтатын. Ал қазір мұғалімдерді басқа, түкке керексіз дүниелермен айналыстырып қойды.

Мұғалімдерге тыныштық беріңдерші! Мұғалім балаға сабақ өтсін!»- дейді Жұлдыз есімді ата-ана.

Осы видеоға қатысты басқа ата-аналар да «иә, қазір мұғалім сайқымазаққа айналды. Балаға қарайтын уақыты жоқ», «мұғалім министрдің бұйрығымен жұмыс істейді, амалы жоқ», «жоғарыда ерігіп отырғандардың тірлігі ғой» деген пікірлер жазуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@zhuldyz3891

Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы нәрсе керек пе бізге? Кімді қалай және қандай мақсатта тәрбиелеу үшін бұл бағдарлама өзі? #мектеп #программа #мұғалім #тренинг #жиналыс #біртұтас_тәрбие #рек #рекомендации #рекомендаци#рекамендации #рекаминдации #rec #recommendations #vrek #vrec

♬ оригинальный звук — Zhuldyz