Мұғалімнің білімі төмен емес, мұғалімге әдістемелік қолдау жоқ

0
692

Мұғалімнің білімі төмен емес, мұғалімге әдістемелік қолдау жоқ. Бас-аяғы жоқ шетелдің қаңсығын таңсық көріп алғандар білім беру жүйесін құрдымға әкелді.

Не дені дұрыс әдістеме жоқ, не дені дұрыс оқулық жоқ. Білім саласында жасанды дүние мен жасанды басқарғыштар көп…

Дипломды үсті-үстіне үлестіргендер дым болмағандай пәлсапасын соғып отыр.

Мектепте балаға сабақ беріп көрмегендер шетінен бағдарлама жасағыш, шетінен сарапшы.

Ауыл мектебін қолдайық, ауыл балаларына жағдай жасалсын, ауыл мектебі көркейсін дейміз ғой…

Ауыл мектебін қолдауды ауыл мектептеріне заманауи білім беруге сай директорлар тағайындаудан бастау керек-ау…

Ауылда білімді, білікті мұғалімдер жоқ емес, бар, толып жүр. Соның басын біріктірер басшылар, өкінішке орай, өте аз.

Мектептің жұмысы дұрыс ұйымдастырылмағандықтан ата-ана да баласын қалаға алып кетеді. Баласы кеткен соң, көп кешікпей, өздері де көшудің қамына кіріседі.

Кейде мектеп жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы ауылдағы адамның азаюына да әсер етеді…

Облыс басшылары көшбасшыларды ұйымдастырып, ауылдарға жіберіп, бес жыл сайын тәжірибе алмасуына жағдай жасауы керек.

Ә дегенде қалада дайын тұрған мектептер жоқ. Сертификаттарының мерзімі бір жылға арналған.

Бір жыл бойы сертификатын бауырына басып жататын көшбасшыға мемлекет қаржы шығындап оқытпау керек…

Ауыл мектептері заманауи білім беруді насихаттайтын басшыларға зәру.

P.S. Қазақта «Үш күндігін ойламайтын әйелден, үш жылдығын ойламайтын еркектен без» деген сөз бар ғой. Соған «мектептің үш жылдық даму жоспарын жасамаған директордан без» дегенді қосқым келеді.

Айнұр САБЫР, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.