Мұхтар Тайжан: “Дінмен емес, ұлттық салт-дәстүрмен жүреміз!”

0
917

Депутат Ардақ Назаровтың “кей ырымдар шариғатқа сай келмейді” деп, ұлттық ырым-тыйымдарға қатысты пікіріне саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан жауап берді деп жазады Democrat.kz.

“Кей депутаттардың пікірін естіп былай жауап бергім келеді:

кім не десе о десін, мен өз басым, менің отбасым да, хадисте жазылмаса да, барлық қазақ салт дәстүрлерін сақтауға тырысамыз.

Ұлттық құндылықтарды діннің заңдарымен салыстырмаймыз.

Мысалы, жеті шелпек әлбетте пісіреміз, тиісті жағдайда отқа май да құямыз, әруақтарға сенеміз, жетісін, қырықын да береміз, яғни ас өткіземіз (садақа емес – ас), қайтыс болған туыстарымыздың зират басына барып тұрамыз.

Хадисте рұқсат етілсе де жеті атаға дейін қыздарды өлсек те алмаймыз. Айтпақшы, қыздарымыз беттерін ашып жүреді, орамал таққан кезінде қазақша тағады, өзгеше емес. Қасиетті домбыраны сүйсініп тыңдаймыз, өзіміз де тартамыз.

Қазақ батырлары дін үшін емес, киелі жер мен ұрпақ үшін ғасырлар бойы соғысқан еді. Керек кезінде мұсылмандармен де соғысқан, шындығы сол.

Бәйге, қыз куу, көкпар ойындарымыз сақабалардан емес – көне көшпенді түрік бабаларымыздан қалған ойындары. Исламға дейін де бізде өз жазуымыз болған, ал аталарымыз әлем бойынша ең үлкен империяларды билеп отырды.

Иман жүрегімізде бар, бірақ діннің фанатик емеспіз. Бұрыннан сондаймыз, бұндай қалпыда қала береміз. Кім не десе де” деп жазды Мұхтар Тайжан.

Фото интернеттен.