Мұсылман халқы аштықтан қырылып жатыр

0
81

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейн Газа секторында үлкен аштық болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап.

Маккейн журналистерге берген сұхбатында Газа секторының солтүстік бөлігінде анклавтың оңтүстік бөлігіне таралған үлкен аштық барын айтты.

– Осындай қақтығыстар болған кезде, эмоциялар қызып, соғыс кезінде міндетті түрде аштық болады. Мен сізге айта алатыным – солтүстікте үлкен аштық болып жатыр әрі ол оңтүстікке жылжып барады, — деді ол.

Маккейн аштық жайлы ресми хабарландыру әлі болмаса да, Газада толық проблема бар деп санайтынын атап өтеді.

– Бұл сұмдық. Білесіз бе, оған қарау да, ол жайлы есту де қиын, — деп атап өтті Маккейн.

БҰҰ ДАҰ атқарушы директоры Газа секторындағы тұрғындар суға, сондай-ақ гигиена құралдары мен дәрі-дәрмекке өте мұқтаж екенін айтты.

Газаға азық-түлік жағынан көмек көрсету әрекеттері саяси қарсылыққа да, жергілікті зорлық-зомбылық қаупіне де тап болды, деп атап өтті телеарна.

Еске сала кетейік, Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 қазаннан бастап Газа секторында 31 200-ден астам палестиналық қаза тапқан. БҰҰ Палестинада атысты тоқтатуға шақырған қарар қабылдады.

Көп адам Палестина-Израиль қақтығысы еврейлердің мұсылмандармен күресі деп санайды. Бұл іс жүзінде аумақ үшін күрес: адамдардың екі тобы бір жерге бірдей құқығы бар деп мәлімдейді.

Фото ашық дереккөзден алынды.