«…мұсылмандықты бірінші орынға қоятын болсақ, онда араб болып кетеміз» дейді танымал әнші

0
666

Танымал әнші Айқын Төлепберген дінге қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz. тілшісі Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Әншінің соңғы берген сұхбаттарының бірінде дінге қатысты айтқан пікірі қызу талқыға түскен болатын. Өз сөзінде ол діни уағызшылардың арасында домбыраны, музыканы харам деп жүргендерге көзқарасы теріс екенін жеткізді. Оның сөзінше, тіпті мұндай адамдардың насихатына тыйым салынуы керек.

«Дінге қатысты айтқан позициямнан таймаймын. Домбыраны харам дейтін уағызшылардың көзін құрту керек. Олардың насихатына тыйым салу керек. Біздің мәдениетімізге, ұлттық мүддемізге қарсы шығатындарды мен түсіне алмаймын. Біз бірінші орында — қазақпыз, содан кейін барып қана мұсылманбыз. Егер біз мұсылмандықты бірінші орынға қоятын болсақ, онда араб болып кетеміз», — деп жауап берді ол.

Фото интернеттен алынды.