Мынадай мектеп директорын тоқтататын ешкім жоқ па?

ҚР ЕК 53-бабы 9-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толу негіздемесі бойынша еңбек шартын бұзу туралы хабарлама жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне кемінде бір ай қалғанда және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.
40 жылдан астам педагогикалық өтіліммен 2024 жылы зейнеткерлікке шықтық. 2023 – 2024 оқу жылын аяқтап кеттік. Зейнеткерлікке шыққан айымыз оқу жылының аяқталуымен сәйкес келді.
Зейнеткерлік жасқа толуымызға байланысты еңбек шарттарын бұзу кезінде лауазымдық айлықтары мөлшерінде өтемақыларымызды төлемеді.
1 айда 3 мұғалім зейнетке шықтық. Шымкент қаласы, Әлия Молдағұлова атындағы Жоббм директоры Майра Мамахова, бізге берілетін өтемақы қайда? Есеп айырысу (расчетный) қаржымызды төкпей шашпай жіберіңіз.
Төленуге жататын лауазымдық айлығымыз (тарифтік ставка) мөлшеріндегі өтемақыны (жәрдемақы) төлеуді талап етеміз!
Шымкент қаласы әкімдігінде үлкен қозғалыс бар.
Шымкент қаласы әкімдігіне мың алғыс!
Шымкент қаласы прокуратурасына респект!
Майра Мамахова! Еңбек заңнамасын сақтамадыңыз. Бір айда (1 айда!) млн теңгеге дейін жымқыру деген бұл мектеп сыбайластықтың ордасына айналды деген сөз.
«Мен сіздерге отпускной төледім, леч пособия төледім» деген еді. 9 ай жұмыс жасаған кез келген ҚР мұғалімдеріне демалыс төлемі(отпускной) мен емдеу төлемі (леч пособия) төленетіні белгілі. Жеке отбасыңыздың есебінен төлемейсіз, қазына төлейді.
Құрметті Шымкент қаласының Әкімдігі! Алия Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Майра Курманалиевна Мамахова туралы аз жазған жоқпыз.
Сабаққа келмеген балаға аттестат тапсыру;
Өтілмеген сабаққа мұғалімге айлық жазу;
Кәсіподақтың ақшасын оңды-солды жұмсау;
Кәсіби шеберлігі мол ұстаздарға кибербуллинг ұйымдастыру;
Осы жайсыздарды айтқанда бізді қудалауға ұшыратты. Ол бөлек жазба.
Майра Мамаховаға тоқтам бола ма, болмай ма?
Т.М.РАХИМБАЕВА, «Ы. Алтынсарин» төсбелгі иесі
Ардагер ұстаз
К.О.СИКИМБАЕВА,
Ардагер ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.