Мынадай пікірді қазақтың ата жауы да айтпас, сірә…

0
777

Facebook әлеуметтік желісінде Атейст Азамат атымен тіркелген желі қолданушы жазылған бір пікірдің скрин көшірмесін жариялады деп жазады Democrat.kz.

Төмендегі пікірдің иесі Айимбек Базылбеков деген азамат екен. Мұндай пікірді Айимбек әлдекімге жазған сияқты. Себебі, оның парақшасын ақтарып көріп, бұл жазбаны таппадық.

Айимбек өз жазбасында қазақ қыздары тек өзінің туысына тұрмысқа шығуы керек екенін айтады. Оның пайымынша, өз туысымен үйленгендердің тұқымы асыл, баласы текті болатын көрінеді.

Мұнан бөлек, Айимбек қыздарға туған бауыры, жиендерімен емес, немерелес, шөберелес ағаларына тұрмысқа шығуға кеңес беріпті. Бұл қазақ айтатын сөз бе? Не айтуға болады бұған?

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.