Мыңдаған мұғалім қол қойған ашық хат адресін «таппай, адасып жүр»

0
1565

Қазақстанның мыңдаған мұғалімі қол қойып, жолдаған ашық хат Астананы айналып, басқа аймақтарды шарлап жүр деп жазады Democrat.kz. Бұл туралы белсенді ұстаз Мейіржан Темірбек өзінің парақшасында хабарлады. 

«Құрметті педагогтар қауымы! Сіздердің аманаттарыңыз Президент аппаратына 22 қазан күні жолданған болатын.

Осымен екінші мәрте хат жолданса да (Біріншісі министрдің отставкасы жөнінде) Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының үнемі айтып жүретін «еститін үкіметі» мен Президент аппараты жауап бермеді.

ҚР Үкіметі хатты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне жолдады. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышёваға жолдады.

Облыстық білім басқармасы «Мектепке дейін және орта білім бөліміне» жолдады. Ол кісілер қысқаша жауап беріп бүгін сағат 15:00 де тыңдалым өткізді.

Бірақ хаттағы көтерілген негізгі мәселе «Нысаналы мектеп» жобасын тоқтату бұл кісілердің құзырында емес. Дегенмен осы сәтті пайдаланып біраз пікір алмасып, сұрақтар қойдым, жауаптар алдым.

ШҚО бойынша 25 мектеп қатысқан, (Алтай, Тарбағатай, Самар аудандары мен Өскемен қаласында – 1 мектептен, Глубокое, Күршім аудандарында — 2-ден, Ұлан, Зайсан аудандарында 3 мектептен, Шемонаиха ауданында 5 мектеп, Риддер қаласында 6 мектеп) жиыны 595 мұғалім болған, 1 мұғалім жұмыстан шығып кеткен, 594 — і қалған.

ҚР Парламентіне жолданған хат ҚР Оқу ағарту министрлігінде жатыр).

ҚР Президентіне жолданған хат қазір ҚР Оқу ағарту министрлігінде Майра Мелдебекованың қарауында жатыр.

Енді ҚР Үкіметіне жолданған хат та ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Майра Мелдебекованың қарауында жатыр, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармаларына жолданған.

Сөздің қысқасы жаңылтпаш болып кетті.

13 қазанда петиция сайтына жариялаған ашық хат 7 қарашаға дейін соңғы мерзіміне дейін «модерацияда» тұрды. Дәл қазір қол қоюға болатын мүмкіндік ашылды» — деп жазды Мейіржан Темірбек.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.