Н.Назарбаев көлігін неге сатып жатыр?
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы көлігі делінген Mercedes 600 SEL (Sonderschutz)GUARD B7 автокөлігі сатылымға шығарылды. Бұл туралы kolesa.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Автокөлік валютадағы бағасы шамамен 493 мың доллардан асады. Сайт мәліметіне сүйенсек, көлік 1993 жылы Германияда мемлекет басшыларының жоғары лауазымды тұлғаларына арнайы тапсырыспен жасалған.
«Дәл осындай Mercedes S600 Guard Грузия президенті Эдуард Щевардандзенің өмірін сақтап қалған. Оның көлігі гранатометтерден және ауыр пулеметтерден атылды, бірақ президент зардап шеккен жоқ. Ал Путиннің көлігі жеке адамға 1,3 миллион еуроға сатылған.
Автокөлік Калашников автоматынан және снайперлік мылтықтан оқ атуға төтеп бере алады. Бронды капсула 4 кг тротил эквиваленті бар жарылғыш құрылғының жарылуынан қорғайды. Сондай-ақ өрт сөндіру жүйесі бар. Автокөліктің газ багындағы оқ саңылауларынан қорғанысы бар — арнайы конструкцияның арқасында оқ тесіктері өздігінен жабылады. Қозғалтқыш көлемі — 6 л”, деп сипатталған.
Фото ашық дереккөзден алынды.